Басты бет / Баспасөз орталығы / Кеңсе қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

Кеңсе қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының ұжымы үнемі салауатты өмір салтын сақтауға, саламатты қоғамды қалыптастыруға баса мән беріп, ерекше назар аударып келеді. Осы мақсатты кеңсе қызметкерлері мен «Құмкөл» кен орнында еңбек ететін жұмысшылар арасында түрлі спартакиадалар мен ашық турнирлер жиі өткізіліп келеді.

Соның бір дәлелі ретінде кеңсе қызметкерлері арасында волейболдан ашық турнир болып өтті. Үш команда бақ сынаған турнирдің ашылу салтанатында Ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеу бөлімінің бастығы Марат Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен турнирде жүлделі 1 орынды «Самұрық» командасы иеленсе, қалған 2 және 3 орындарды «Адреналин» және «Нефтеболисты» командалары өзара бөлісті.

Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларға, сондай-ақ, арнайы номинацияларға ие болған командаларға Акционерлік қоғамның Бас директоры Дәурен Әбілқайыровтың атынан Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.