Бас инженер
Жанияров Сагындык Урынбасарұлы – мұнай-газ саласындағы өндірістік үдерістерді басқаруда зор тәжірибесі бар маман. Әр жылдары жетекші мұнай-газ кәсіпорындарында басшылық қызметтер атқарды, соның ішінде «Тасбулат Ойл Корпорэйшн» ЖШС-нің Бас директоры және «КОР» Мұнай компаниясы» АҚ-ның өндіріс жөніндегі Бас директорының орынбасары болды.
2024 жылғы қазан айында АО «ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» компаниясының Бас инженері болып тағайындалды.
Алматы қаласындағы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша аяқтаған. Сондай-ақ, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің «Мұнай-газ бизнесін басқару» MBA бағдарламасын тәмамдаған.
Саланы дамытуға қосқан үлесі үшін «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» атағымен марапатталған. Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.