Ішкі әлеуметтік бағыт еңбек қауіпсіздігіне, тұрақтылыққа және әлеуметтік маңызы бар еңбекақыны қолдауға, сондай-ақ ұжымдық шарттың негізгі ережелеріне негізделеді.
Ұжымдық шарт – бұл Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың факторы, ол Қызметкерлер мен Жұмыс берушілердің мүдделерін қорғауға, сондай-ақ Қызметкер мен Жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы арасында жасалған ұжымдық шартта Жұмыс беруші заңдарда және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде белгіленгеннен анағұрлым қолайлы жеңілдіктер мен артықшылықтарды қызметкерлер үшін қарастырды.
Компания сондай-ақ Құмкөл келісімшарттық аумағындағы өз қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне де ерекше көңіл бөледі. Әлеуметтік бағдарламалар қызметкерлерді тартуға және ұжымда сақтап қалуға ықпал ететін қолайлы еңбек және тұрмыс жағдайларын жасауға бағытталған.
Қызметкерлердің денсаулығын жақсарту мақсатында Жұмыс беруші Компания қызметкерлерінің сауықтыру кешендеріне бару шығындарын өз мойнына алады.
«ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның «Әлеуметтік бағдарлама туралы ережесіне» сәйкес, Компанияда қызметкерлердің өмірінде қосымша шығындарды талап ететін әлеуметтік-маңызы бар жағдайлар туындаған кезде, заңнамада белгіленген төлемдерден тыс әлеуметтік жәрдемақылар төлеуді көздейтін әлеуметтік бағдарлама әзірленген. Бағдарламаның мақсаты – Компания қызметкерлеріне қолайлы еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау, персоналды тартуға және ұжымда сақтап қалуға ықпал ету. Бұл төлемдер Компания бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.