Ту Чао

Өнеркәсіптегі менеджер

Ту Чао – мұнай-газ саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар, соның ішінде кен орындарын игеру және өндіру саласында мол тәжірибе жинаған маман.

Өз еңбек жолын 2005 жылы Қытайдың CNPC Синьцзян мұнай компаниясының ауыр мұнайды игеру компаниясында кен орнын игеру инженері болып бастап, бұл қызметті 2014 жылға дейін атқарды.

2014–2022 жылдары «ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-да цех бастығы лауазымында еңбек етті.
2022 жылдан бері аталған компанияда өнеркәсіптегі менеджер қызметін атқарып келеді.

2005 жылы Бейжің қаласындағы Қытай мұнай университетін «Мұнай инженериясы» мамандығы бойынша бітіріп, инженерлік ғылымдар бакалавры дәрежесін алған.

Үйленген.