Оралов Абзал Асқарұлы

Экономика және қаржы директоры

Оралов Абзал Асқарұлы – Қазақстанның мұнай-газ саласында қаржылық басқару бойынша мол тәжірибесі бар маман. Бұған дейін «Нефтяная Компания «КОР» АҚ-да қаржы жетекшісі қызметін атқарған.

2024 жылдың қазан айынан бастап «ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның экономика және қаржы директоры болып тағайындалды.

Жоғары кәсіби білімі бар: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдап, экономика және бизнес магистрі, сондай-ақ іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежелеріне ие.

Кәсіби қызметінде бірнеше салалық марапаттармен атап өтілген:

  • 2016 ж. – ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы;

  • 2019 ж. – Қызылорда облысы әкімдігінің «Мұнайшы күніне» арналған мерейтойлық медалі;

  • 2023 ж. – ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі.

Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.