Ұңғымадан шыққан газ-сұйықтық қоспасы шығару құбырлары арқылы топтық қондырғыға (ТҚ) түседі. ТҚ-да «Спутник АГЗУ» типті қондырғыда ұңғыма бойынша дебит өлшемдері жүргізіледі, содан кейін газ-сұйықтық қоспасы Алдын ала су бөлу қондырғысына (АСБҚ) бағытталады.
ТҚ-мен қатар, ұңғымадан шыққан газ-сұйықтық қоспасы шығару құбырлары арқылы Қысым көтеру сорғы станцияларына (ҚКСС) түседі, мұнда да «Спутник АГЗУ» типті қондырғыда ұңғыма бойынша дебит өлшемдері жүргізіледі. Одан әрі газ-сұйықтық қоспасы суды алдын ала бөлу және газды сепарациялау үшін АСБҚ-ға бағытталады.
ТҚ мен ҚКСС-тен АСБҚ-ға түскен газ-сұйықтық қоспасы сепарацияның бірінші сатысынан өтеді (өндірілген сұйықтықтан газды бөлу), содан кейін сұйықтық Блоктық түтікшелі пешке (БТП) түсіп, қыздырылады және ары қарай сепараторға өтіп, мұнда мұнай судан бөлінеді. Барлық АСБҚ-дан бөлінген мұнай, сондай-ақ бірінші сепарация сатысынан өтпеген ҚКСС-ВК мен ТҚ-38-ден келген мұнай-газ қоспасы мұнай жинау жүйесіне айдалып, Мұнайды дайындау және айдау қондырғысына (МДАҚ) жеткізіледі. Мұнда мұнай тауарлық кондицияға дейін дайындалып, «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесіне тасымалданады.