Касымханов Арман Шахмарданович

Адам ресурстары жөніндегі директор

Қасымханов Арман Шахмарданұлы Қазақстанның мұнай-газ саласында персоналды басқару, бюджеттік жоспарлау және бизнес-процестерді ұйымдастыру бағытында көпжылдық тәжірибеге ие.

Кәсіби қызметін мұнай-газ секторында Теңіз кен орнында «Кентек Казахстан Техникал Сервисез» ЖШС компаниясында ОТОС бөлімінің үйлестірушісі лауазымынан бастаған.

2010 жылдың мамыр айынан бастап «ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ құрамында еңбек етіп келеді. Әр жылдары компанияда әртүрлі лауазымдарды атқарған: референт-аудармашы, сапа менеджменті бөлімінің инженері, жоспарлау және талдау жөніндегі маман, жоспарлау және талдау бөлімінің бастығы, сондай-ақ персоналды басқару бөлімінің бастығы.

2025 жылдың маусым айында Адам ресурстары жөніндегі директор лауазымына тағайындалды.

Білімі:

  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы;

  • Алматы Менеджмент Университеті, «Экономика және бизнес» мамандығы (бакалавр).

Үйленген, төрт баланың әкесі.