Бас геолог
Есназаров Олжас Серікович Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласында 16 жылдан астам тәжірибеге ие.
Еңбек жолын 2008 жылы «ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ында мұнай және газ өндіру цехының слесарь-жөндеушісі қызметінен бастаған. Жылдар бойы компания ішінде барлық кәсіби сатыдан өтті: УПСВ операторы, инженер-технолог, модельдеу инженері, кен орындарын игеру инженері. 2023–2025 жж. мамырына дейін Геология және кен орындарын игеру бөлімін басқарды.
2025 жылғы маусым айынан бастап Бас геолог лауазымына тағайындалды.
Білімі:
2008 ж. — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша үздік бітірді;
2014 ж. — Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы мен барлау ісі» мамандығы.
Біліктілікті арттыру курстары:
PIPESIM (Schlumberger) бағдарламасында ұңғымаларды модельдеу;
Ұңғымалардың гидродинамикалық зерттеулері (Petroleum Learning Centre, Томск политехникалық университеті);
Геологиялық-өндірістік талдау (БАСПРО Оптима);
Кен орындарын игеру барысын өндірістік геофизика әдістерімен бақылау;
ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі аясында жер қойнауын пайдалану реттеуі.
Кәсіби қауымдастықтың белсенді мүшесі — SPE (Society of Petroleum Engineers) Қызылорда клубы.
Саланың дамуына қосқан көпжылдық адал еңбегі үшін марапатталған:
«ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ Құрмет грамоталары;
ҚР Индустрия және құрылыс министрінің Құрмет грамотасы (Геолог күніне орай);
ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медалі.
Үйленген, үш ұл тәрбиелеуде.