Чжан Ифэй

Бас директордың бірінші орынбасары

Чжан Ифэй мұнай-газ саласында өндірісті ұйымдастыру және кен орындарын игеруді басқару мәселелері бойынша айтарлықтай кәсіби тәжірибеге ие.

Әр жылдары Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларында басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Октябрьмұнай» Мұнай-газ өндіру басқармасының өндірістік-техникалық бөлімінің орынбасары, сондай-ақ «ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-да өндіріс жөніндегі менеджер болды.

2024 жылғы ақпан айынан бастап Бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Профильді жоғары білімі бар, мамандығы – мұнай инженері.

2010 жылы Қытай Мұнай университетін (Бейжің қ.) «Мұнай инженериясы» мамандығы бойынша тәмамдады.

2014 жылы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде (И.М. Губкин атындағы, Мәскеу қ.) «Мұнай кен орындарын игеруді басқару» бағыты бойынша магистр дәрежесін алды.

2023 жылы Цинхуа университетінің (Бейжің қ.) MBA бағдарламасын аяқтады.

Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мынадай марапаттарға ие болды:

  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 125 жыл» мерейтойлық медалі;

  • Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің Геолог күніне арналған Құрмет грамотасы.

Үйленген.