Баймаханов Даур Серикович

Құқықтық және корпоративтік мәселелер жөніндегі директор

Баймаханов Даур Серікович Қазақстанның мұнай-газ саласында құқықтық қолдау және корпоративтік басқару бағытында көпжылдық тәжірибеге ие.

Еңбек жолын 2009 жылы «ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ында шарттық-құқықтық бөлімнің заңгері қызметінен бастаған. Осы лауазымда 2019 жылға дейін еңбек етті. 2019–2022 жылдары «ВСС-ОУСА» ЖШС-нің талап-арыз жұмысы департаментінде сарапшы қызметін атқарды.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап Құқықтық және корпоративтік мәселелер жөніндегі директор лауазымына тағайындалды.

Білімі:

  • 2007 ж. — Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Құқықтану» мамандығы, құқық бакалавры;

  • 2020 ж. — НАРХОЗ университеті, Экономика және бизнес мамандығы, экономика және бизнес бакалавры.

Үйленген, бес баланың әкесі.