Бүгінде әрбір компания, қызмет саласына немесе меншік түріне қарамастан, өзінің қарқынды дамуының басты қағидаттарының бірі – қоғам мүдделеріне мұқият қарау, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, лайықты еңбек жағдайларын құру және қолдау, сондай-ақ отандық кадрлық әлеуетті тәрбиелеу мен қалыптастыру екенін түсінуі тиіс.
«ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ бүгінде Қызылорда облысындағы ең үздік жұмыс берушілердің қатарында және өз дамуын жоғарыда аталған қағидаттарға негіздей отырып, қызметкерлеріне бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын ұсынып, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етіп, үздік нәтижелерге жетуге бағытталған олардың әлеуетін ашу мен пайдалануға мүмкіндік береді.
Компанияның әлеуметтік әріптестікті нығайту, еңбек қатынастарын қалыптастыру және әлеуметтік белсенділікті арттыру бағытындағы қызметі 2009 жылы «Парыз» Ұлттық сыйлығымен марапатталды. Бұл – Компанияның 15 жылдық қызметінің өзіндік қорытындысы болды. Осы уақыт ішінде уақыт талабына сай және Компания мен өңірдегі адами капиталды дамытуға үлес қосатын айқын әрі негізделген әлеуметтік жауапты саясат қалыптасты.
Компанияның жетістіктері мен табыстарына қызметкерлердің ортақтасу қағидаты;
Міндеттемелерді орындау мен қызмет нәтижелері үшін жауапкершілік қағидаты;
Білімнің, тәжірибенің және дәстүрлердің сабақтастығы қағидаты.
Біз қызметкерлерімізді – елдің де, Компанияның да адами капиталы, экономиканың, қоғамның және отбасының дамуына ықпал ететін маңызды өндірістік фактор деп түсінеміз. Бұл – Компанияға ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтар беретін және саладағы көшбасшылық позицияны сақтауға мүмкіндік беретін капитал. Сондықтан үшінші қағидатқа сәйкес, Компания адами капиталын қалыптастыру ең алдымен кәсіби білім мен дағдылардың сапасын арттыруға, қызметкерлердің дамуы мен мансаптық өсуіне салынатын инвестициялар арқылы жүзеге асады. Бұл жүйелі оқыту мен кадрлық резерв бағдарламасы арқылы іске асырылады – қазақстандық мамандарды оқыту мен даярлау, біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау мен қайта даярлау, жоғары білім алу үшін Компания қызметінің басталғанынан бері шамамен 2,7 миллиард теңге бағытталды.
«ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ сыртқы әлеуметтік жауапкершіліктің басым бағыттарының бірі – өңір жастарына сапалы білім алуға, тәрбиеленуге және отандық адами капиталды қалыптастыруға қолдау көрсетуге инвестиция салады.
Қазіргі таңда 100-ден астам студент Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің жетекші жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алуда. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан студенттерді, жетім балаларды, мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Олар педагогикалық, медициналық, техникалық және мұнай-газ саласы мамандықтары бойынша оқуға түсті.
Бүгінде бизнес-құрылым өкілдері мүмкіндігінше көп адамға пайда әкелу үшін барын салуға тиіс. Осы қағидатқа сай, «ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ Қызылорда облысының мәселелерін шешуге қатысудан ешқашан шет қалған емес.
Компанияның тәжірибесі көрсеткендей, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тек қайырымдылыққа ғана негізделмеуі керек. Бұл Компанияның ішкі және сыртқы бағыттардағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған мақсатты әлеуметтік инвестициялары болып табылады.
Компанияның іс-әрекеттері бүкіл өңір экономикасын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие, ал әлеуметтік жауапкершілік корпоративтік философия мен мәдениеттің негізгі бөлігіне айналып, тек Компанияның ғана емес, Қызылорда облысы мен жалпы Қазақстан Республикасының адами капиталын қалыптастыруға ықпал етеді.
«ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге әрдайым белсене қатысып келеді. Компания рухани және дене саулығына ықпал ететін салаларға әрдайым қолдау көрсетіп, қайырымдылық көмегін аямайды. Бұл – мәдениет, спорт және ғылым саласындағы дарындарды қолдау. Компания облыстық және қалалық ұйымдармен, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдайтын ҮЕҰ-лармен, соның ішінде мүгедектер қоғамдарымен, балаларға арналған оқу, спорт және емдеу мекемелерімен, балалар үйлерімен және бөбектер үйлерімен тығыз ынтымақтастық орнатқан.
Компания жұмыс істеген жылдары өңірдің әлеуметтік және қайырымдылық мақсаттарына 4,5 миллиард теңге бөлінді.