Абызбай Айбек Абызбайұлы

Коммерциялық директор

Абызбай Айбек – мұнай-газ саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар маман. Білімі – инженер-механик.

Еңбек жолын «КБ СП Транс-сервис» ЖШС коммерциялық бөлімнің менеджері болып бастады. Кейінгі жылдары саланың компанияларында, соның ішінде «Табынай» ЖШС мен «НК ҚОР» АҚ түрлі мамандық және басшылық қызметтерді атқарып, кәсіби әрі мансаптық өсу жолынан өтті.

2023 жылдың наурыз айынан бастап «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ еңбек жолын жалғастырып, Тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және тауарлық-материалдық құндылықтарды өткізуді ұйымдастыру бөлімінің басқарды. 2024 жылдың қазан айында коммерциялық директор лауазымына тағайындалды.

Мұнай-газ саласындағы көп жылдық қызметінде сатып алуды ұйымдастыру, материалдық-техникалық ресурстарды басқару және коммерциялық қызмет салаларында терең білімі бар, жауапты әрі нәтижеге бағытталған басшы ретінде танылды.

Үйленген, төрт ұл тәрбиелеуде.