Басты бет / Баспасөз орталығы / «ТУРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ әлеуметтік қолдаудың көкжиегін кеңейтеді

«ТУРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ әлеуметтік қолдаудың көкжиегін кеңейтеді

Компания кеңсесінде «Аманат» партиясының Қызылорда облыстық филиалымен бірлесіп Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға аз қамтылған және әлеуметтік осал топтардың өкілдері, білім беру ұйымдарының өкілдері, қоғамдық белсенділер және партия мүшелері қатысты. Кездесу барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және азаматтарды қолдауға бағытталған мәселелер мен бастамалар талқыланды.

Іс-шараны ашқан «Жарық» бастауыш партия ұйымының төрағасы, «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ бас директоры Марат Қарабекұлы Саркытбаев халықпен тікелей диалогтың маңыздылығын және әлеуметтік міндеттерді шешуде бизнестің тұрақты қатысу қажеттігін атап өтті.

Қоғамдық қабылдау аясында әртүрлі бағыттар бойынша өтініштер қаралды – атаулы көмек көрсетуден бастап білім беруді және инклюзияны қолдауға дейін. Нәтижесінде келесі шешімдер қабылданды:

  • Әлеуметтік осал топтарды қолдау үшін зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға материалдық көмек көрсетілді.
  • Жаңа жобаларды жүзеге асыратын және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететін «Сыр серпіні» қоғамдық бірлестігіне құжаттарды түптеу бойынша тапсырыс берілді, бұл да ерекше қажеттілігі бар адамдарға тікелей қолдау түрі болды.
  • «Баларман» балабақшасына демеушілік көмек көрсетіліп, ересектер тобына арналған бөлме жаңа жиһазбен жабдықталды.
  • «Болашақ» университетіне студенттердің тәжірибелік оқуын ұйымдастыру үшін мұнай өндіру ұңғымасының сорап жабдықтарын басқару станциясы табысталды.
  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне мұнай мен газды автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы берілді – бұл мұнай-газ кешенінің білікті инженерлік кадрларын даярлауға қосылған үлес.

Қатысушылар көтерген барлық ұсыныстар бақылауға алынып, кері байланыс берілді. «Аманат» партиясының өкілдері Компанияға ашықтығы, белсенді азаматтық ұстанымы және халықты қолдаудағы нақты әрекеттері үшін алғыс білдірді.

Осындай іс-шараларды өткізу қоғам, бизнес және мемлекет арасындағы сенімді нығайтып қана қоймай, «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ жай ғана өндірістік компания емес, аймақтың әл-ауқатына нақты үлес қосуға ұмтылатын әлеуметтік жауапты ұйым екенін көрсетеді.