Қасиетті Рамазан айында Компания ұжымы иман, құрмет, мейірімділік пен қайырымдылық рухында бірікті. Бұл ерекше кезеңнің мағынасы терең – ол бізге кешірімнің, қайырымдылықтың және игі істер жасаудың маңыздылығын еске салады.
Ораза аяқталған соң қызметкерлер күн батқаннан кейінгі дәстүрлі ауызашарға қатысты. Дастархан басындағы мерекелік кездесу әріптестерді бейбітшілік, түсіністік және бірлік атмосферасында тоғыстырды. Мұндай шара дін құндылықтарына құрметтің белгісі ғана емес, сонымен қатар корпоративтік рухты нығайтуға мүмкіндік болды.
Компанияның бас директоры Марат Қарабекұлы Саркытбаев ұжым алдында сөйлеген сөзінде атап өтті:
«Қасиетті Рамазан айы – рухани тазару, түсіністік пен бейбітшіліктің айы. Ол бізге ең басты өсиеттерді еске салады – мейірімді болу, мұқтаж жандарға көмек беру, айналаға төзімділік пен жанашырлық таныту. Ораза әрқайсыңызға рухани жаңару көзі болып, ниеттеріңіз адал да шынайы болсын деп тілеймін».