Басты бет / Баспасөз орталығы / Көктем жүректе: 8 наурыз – Әйелдер күні

Көктем жүректе: 8 наурыз – Әйелдер күні

8 наурыз – жылылыққа, шуақ пен ризашылыққа толы ерекше күн. Бұл тек көктем мерекесі ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұжым әйелдердің еңбегі, қамқорлығы, төзімі мен шабытын шынайы алғыс және құрметпен атап өтетін күн.

Біздің Компанияда бұл күн қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй аясында өтті. Ерлер ұжымы әйелдердің назар мен құрметке бөленуі үшін барын салды: жылы сөздер айтылды, гүлдер мен сыйлықтар табысталды, ал айнала күлкі мен көктемгі көңіл күйге толды.

Компания басшылығы да құттықтау сөздерін арнап, әйелдердің ұжым жетістіктері мен дамуына қосқан маңызды үлесін атап өтті. Әрбір қызметкерге көңіл бөлініп, мерекелік атмосфера баршаны ортақ – шынайы құрмет пен ризашылықта тоғыстырды.

Көктем тек терезенің сыртында емес, жүректерде де өмір сүрсін, шабыт, бақыт және жаңа жетістіктер әкелсін.

Мерекелеріңізбен, құрметті «ТУРГАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ әйелдері!