2025 жылғы 28 ақпанда «Аманат» партиясының Қызылорда облыстық филиалы кеңсесінде партияға жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Құттықтау сөзін «Аманат» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов сөйлеп, партияның жаңа мүшелерін құттықтады, азаматтық белсенділіктің, әділеттілік, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету қағидаттарына адал болудың маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ бас директоры Марат Қарабекұлы Саркытбаев былай деді:
«Аманат» – еліміздің басты партиясы. Партияның өкілі болу – оның құндылықтарын бөлісу, халықтың мүддесін қорғау деген сөз. Бұл – құрметті миссия әрі үлкен жауапкершілік., Әрқайсыңыз бұл сенімді ақтап, ортақ іске өз үлестеріңізді қосатындарынды сенемін».