Басты бет / Баспасөз орталығы / Кәсіби мереке – мұнайшылар күні

Кәсіби мереке – мұнайшылар күні

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ Контрактілік аумағында Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – «Мұнайшы күні» аталып өтті.

Қызылорда өңірінің өнеркәсіптік өндірісінің негізгі бөлігі – мұнай өндіру. Қазынаға толы Тұран жеріндегі мұнай кен орындарының ашылуы өңірдің өркендеуіне, өндірістік және экономикалық дамуына жол ашты. 1995 жылдан бастап өндірісін бастаған, 30 жылдық тарихы бар «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып, үлкен жетістіктерге жетті.

Салтанатты іс-шара барысында ең алдымен Компанияда ұзақ жылдар еңбек етіп, кәсіпорынның дамуына айрықша үлес қосқан, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген ардагерлер марапатталды. Оларға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі табысталды. Марапат иелерінің қатарында: Әлібек Сабырбаев, Иманбек Иманкулов, Балғабай Отаров, Марат Өтегенов, Исмаил Нұрқұлов.

Әлібек Сабырбаев кәсіпорында 13 жыл еңбек етіп, осы уақыт ішінде мұнай дайындау және айдау учаскесі, блоктық-топтық сорғы станциялары секілді ірі өндірістік нысандардың салынуына басшылық етті.
Иманбек Жетпісбайұлы кәсіпорында 29 жыл еңбек етіп, мұнай-газ өндіру цехында арнайы және ауыр техника жүргізушісі болды. Ол осы уақыт ішінде тек жүргізуші ғана емес, автомеханик ретінде де еңбек етіп, мұнай мен газ өндіруге қажетті техниканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті.
Балғабай Отаров – кәсіпорында 28 жыл еңбек еткен кәсіби маман. Қарапайым жүргізушіден бастап автокөлік және арнайы техника бөлімінің бастығына дейінгі жолдан өтті. Ол өз қызметінде өндірістің техникалық үздіксіздігін қамтамасыз етіп, компанияның дамуына айрықша үлес қосты.
Марат Өтегенов – кәсіпорында 25 жыл үздіксіз қызмет еткен маман, еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің жұмысына үлкен үлес қосқан.
Исмаил Жұмабаевич те кәсіпорында 25 жыл еңбек етіп, қазандық қондырғысының үздіксіз әрі сапалы жұмысын қамтамасыз етті.

Биыл қазақстандық мұнайдың 125 жылдығы аталып өтуде. 1899 жылы Жылыой ауданындағы Қарашүңгілде №7 ұңғымадан 42 метр тереңдіктен мұнай бұрқағы атқылап, сол кезден бастап кең байтақ қазақ даласында табиғи байлық өндіру үзілмей жалғасып келеді. Осы мерейтойға орай бірқатар қызметкерлерге «Қазақстан мұнайына 125 жыл» мерекелік медалі табысталды. Атап айтқанда, Бас директордың бірінші орынбасары мырза Чжан Ифэй, күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Талғат Базарбаев, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу бөлімінің бастығы Марат Сыдыков, мұнай-газ өндіру цехының бастығы Ақылбек Отызбаев, орталық инженерлік-технологиялық қызмет бастығы Оралбек Орқараев, салық есебі бөлімінің бастығы Гүлмира Егизбаева, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу және ТМҚ өткізу бөлімінің бастығы Ғалымбек Нұрманов, мұнай кәсіпшілік жабдықтарының 2-санатты механигі Ескендір Қалымбетов және кадрларды басқару бөлімінің референті Нұрсұлтан Мықтыбаев.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медаліне Геология және игеру бөлімінің І санатты инженер-геологы Салтанат Батырбекова, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісіне І санатты инженер-технолог Сабыр Жұмахметов, мұнай-газ өндіру цехының шебері Болат Омаров ие болды.

Мұнай-газ саласындағы кәсіби жетістіктері үшін ҚР Энергетика министрі Сәтқалиев Алмасадам Майданұлының Құрмет грамотасымен 2-санатты инженер-бағдарламашы Гүлнар Жұнусова, кадр инспекторы Гүлбада Аманова, мұнай дайындау және айдау учаскесінің бастығы Рашид Бақуов, мұнай-газ өндіру учаскесінің операторы Сапаралы Сапаров марапатталды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Сәтқалиев Алмасадам Майданұлының Алғысы І санатты механикаландырылған ұңғымалар қоры бойынша инженер-технолог Багдат Жұнусовқа, бухгалтер Айгүл Күлпейісоваға, жабдық есебі инженері Ердана Бошаевқа және газ өндірудің 6-разрядты операторы Шоқан Қаламбаевқа табысталды.

Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының Сыр өңірінің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Алғысына І санатты күрделі құрылыс инженері Талғат Дарменбаев, мұнай дайындау және айдау учаскесінің бастығы Жарасбек Сапаров, мұнай-газ өндіру цехының І санатты инженер-технологы Абдулла Шапшанов, кадрларды басқару бөлімінің 2-санатты маманы Нина Вержбицкая, жоспарлау және талдау бойынша жетекші маман Сәкен Байдулла және мұнай-газ өндіру цехының 2-санатты инженер-технологы Нұрдәулет Әлиев ие болды.