«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ 500 АДАМҒА АУЫЗАШАР ДАСТАРҚАНЫН ЖАЙДЫ

  30 жылға жуық тарихы бар «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамы биыл екінші рет қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен жандарға арнап ауызашар дастарқанын жайды. Оған ұжым қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері мен мекеме ардагерлерінен бөлек, қаладағы барлық мешіттің жамағаты шақырылып, барлығы 500 адам бір дастарқанда бас қосты.
– Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Рамазан айы – күллі мұсылман қауымы үшін ерекше мезет. Бұл айдың рухани тұрғыда дамуымыз үшін де пайдасы зор. Себебі, Рамазан кешірімді болуға, қайырымдылық пен игі істер жасауға үндейді. Биыл Компания атынан тұңғыш рет ауызашар дастарқаны жайылып отыр. Бұл бастама жыл сайын жалғасын тауып, дәстүрге айналатын болады. Осы айда жасаған дұға-тілектеріңіз бен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! – деді шараны ашқан Компанияның Бас директоры Дәурен Әбілқайыров.
Ауызашар дастарқанында Қызылорда облысының өкіл имамы Дастан Құрманбаев уағыз айтып, қасиетті Рамазан айының тағылымы мен ғибратына тоқталды.
– Қасиетті Рамазан айы халқымызды татулыққа шақыратынын бірлік айы. Айналамызға қайырымдылық танытып, жақсылық жасау Хақ дініміздің ең басты құндылығы. Сондықтан барша кәсіпорын қызметкерлерін ізгілікке, жақсылық жасап жарысуға шақырамын. Айлардың сұлтаны – Ораза айындағы ұстаған оразаларыңыз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын! – деді Дастан Жанасұлы.
Ерекше атап өтерлігі – шараға Қызылорда қаласындағы барлық мешіттің бас имамдары қатысты.
Ауызашар соңында мереке ардагерлері бата беріп, елдің амандығы, береке-бірлігі үшін дұға жасалды.

МҰНАЙШЫЛАР КҮНІ ЕРЕКШЕ САЛТАНАТПЕН АТАЛЫП ӨТТІ

7 қырқүйек 2023 жыл

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының Келісімшарттық аумағы – «Құмкөл» кен орнында сала қызметкерлерінің төл мейрамы «Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Мерекелік шара барысында ең алдымен Компания ардагері, тарихшы Сабырбаев Әлібек Сейтмұратұлының «Қарақұм құрылтайы», «Шекті руының құпия тарихы», «Кете тайпасының көне тарихы» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Сала ардагерін 3 бірдей жаңа кітабының тұсаукесерімен құттықтаған Компания басшысы Д. Әбілқайыров тарихшыға ыстық ықыласын білдіріп, қазақы салтпен иығына шапан жапты.
Шара одан әрі кәсіби мерекеге арналған салтанатты кешпен өз жалғасын тапты.
– Ел егемендігін бекітіп, тәуелсіздік алған 30 жылдан аса уақыттың ішінде мұнай-газ кешені – Қазақстанның тұрақты дамуының күретамыры болып қана қоймай, еліміздің әл-ауқатының іргетасы, әлеуметтік саланы дамытудың негізі мен ұлттық экономикамыздың қозғаушы күшіне айналды. Өңірлердің өндірістік және экономикалық дамуына дем берді. Көгілдір отын мен мұнай ұңғымаларының үздіксіз жұмыс істеуі, құбыр жолдарының мықтылығы – «қара алтынды» халық игілігіне жарату жолында тер төгіп келе жатқан мыңдаған мұнайшының ерен еңбегі, өз ісіне адалдығы мен беріктігінің арқасы. Осы салада өз орнын ойып тұрып алған, Қызылорда облысының ғана емес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің зор үлесін қосып келе жатқан компаниялардың бірі де бірегейі – «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының еліміздің мұнай-газ саласындағы тарихы тереңнен бастау алады. Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсуінде ерекше орын алатын Компанияның алдыңғы қатардан көрінуіне осы ұжымда еңбек етіп келе жатқан әрбір қызметкердің орны алабөтен, – деді аталған кешті ашқан акционерлік қоғамның Бас директоры, техника ғылымдарының кандидаты Дәурен Тұрғанбайұлы.
Cалтанатты шарада Дәурен Әбілқайыров кәсіби мерекеге орай сала үздіктеріне мерекелік марапаттарды табыстады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» медалімен Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Базарбаев Талғат Жанғазыұлы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының механигi Панасенко Александр Анатольевич, «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен суды алдын ала айыру учаскесінің шебері Ожаров Қайрат Әуелбекұлы, мұнай-газ саласындағы кәсіби жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Сәтқалиев Алмасадам Майданұлының Алғысымен мұнайды даярлау және айдау учаскесінің операторы Мейрманов Ерболат Ешенұлы, Сыр өңірінің мұнай-газ саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының Алғысымен лаборант Нұртазаева Хадиша Қалдыбайқызы, қабатқа жұмысшы агентін айдау жөніндегі сорап станциясының машинисі Ким Андрей Петрович, жоспарлау және сараптама жөніндегі маман Өтегенова Раушан Қалыбекқызы, ТЖҚ сатып алу ұйымдастыру жөніндегі маман Абдуллаева Дамира Тілешқызы марапатталды.
Сондай-ақ, бірқатар жұмысшыларға еңбектегі жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі және Компанияның дамуына қосқан үлесі үшін «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының Бас директоры Әбілқайыров Дәурен Тұрғанбайұлының Құрмет Грамотасы тапсырылды.
Салатанатты шарада «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамымен ұзақ жылдар бойы байланыс орнатып, бірге жұмыс жасап келе жатқан мердігер мекемелер де Акционерлік қоғам басшылығының назарынан тыс қалмады. Мәселен, «Бүркіт» Күзет бюросы ЖШС, «Востокнефтегаз – 2050» ЖШС, «СПМК» ЖШС, «Petroleum Technology» ЖШС, «Оңтүстік мұнай сервис» ЖШС, «НефтьТехСервис» ЖШС, «Бастау – S» ЖШС, «Авиценна» ЖШС, «Тұлпар и Компания» ЖШС секілді мердігер мекемелердің жұмысшылары марапат биігінен көрінді.
Мұнайшылар күнімен құттықтауға Дәурен Тұрғанбайұлының арнайы шақыруымен Атырау облысынан келген құрметті қонақтар – «Қазақстан мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мустафина Елена Евгеньевна мен Бисенов Асқар Зейнешұлы да мерекемен құттықтап, бірқатар жұмысшыларға салалық кәсіптік одақтың марапаттарын тапсырды.
Мерекелік шарада Қызылорда облысының танымал өнерпаздары өнер көрсетіп, ән мен биден шашу шашты.

КОМПАНИЯ ҰЖЫМЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Сыр елінде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойлануда. Қызылорда қаласы мен аймақтың әр аудан-ауылдарында киіз үйлер тігіліп, тұрғындар үшін мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Қазақ халқы үшін жыл басы саналатын бұл мейрамнан «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының ұжымы да қалыс қалған жоқ.
Компания Қызылорда қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда ақшаңқан киіз үйін тігіп, 21 наурыз күні кешкілік қала тұрғындары мен кәсіпорын ұжымына ауызашар дастарқанын жайды.
Ал келесі күні қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағамдардан дәм ұсынып, мерекелік концерт ұйымдастырды.
– Биылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматы Наурызнама тұжырымдамасы қабылданды. 14-23 наурыз аралығындағы мерекелік онкүндіктің әр күні еліміздің мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналған. Бұл онкүндіктен біздің кәсіпорын да шет қалмайды. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы, қасиетті бабаларымыздың ақ батасы мен өнегелі дәстүрдің көрінісі – әз-Наурыз баршаңызға ырыс, несібе әкелсін! – деді Компания Бас директоры, техника ғылымдарының кандидаты Дәурен Әбілқайыров.
Ұлыстың ұлы күнінде «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының «Мұнайшылар ауылында» Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы қонақта болып, Компания ұжымын әз Наурызбен құттықтады. Өнерпаздардың өнерін тамашалап, мерекелік дәмнен дәм татты.
Соңында «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік шараға белсене қатысқаны үшін Компания ұжымына облыс әкімдігінің Алғыс хат тапсырды.

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ ҰЖЫМЫ ЕҢБЕК КҮНІН АТАП ӨТТІ

16 қыркүйек 2023 жыл

Биыл елімізде «Еңбек күні» алғашқы рет кең көлемде мерекелене бастады. Осыдан 7 жыл бұрын қыркүйек айының соңғы жексенбісіне бекітілген атаулы күн Қызылорда облысының ғана емес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің зор үлесін қосып келе жатқан компаниялардың бірі де бірегейі – «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамында жоғары деңгейде аталып өтілді.
Кәсіпорын басшысы Дәурен Әбілқайыров ұжымды аталған мерекемен құттықтап, оның мәні мен маңыздылығына тоқталды.
– Еңбек күнi – бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке. Сіздерді халқымыздың экономикалық және әлеуметтік саладағы жетістіктеріне арналған «Еңбек күнімен» құттықтаймын. Бұл мереке барша қазақстандықтардың еңбекке деген құрметінің, олардың әрқайсысының өз ісінде кәсіби маман болуға деген ұмтылысының белгісі саналады. Киелі «Құмкөл» деген жерде жүздеген мұнайшылар ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келеді. Сондықтан мен өз салаларын алға жетелейтін, кәсібиліктің бағзыдан келе жатқан берік ұстанымдарын бұлжытпай сақтай отырып, жастарға тәлім көрсетіп келе жатқан кәсіби мамандарға ерекше алғысымды білдіремін, – деді ол.
Шара соңында Д. Әбілқайыров кәсіпорынның 1 санатты геологы Асқар Қабдулға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың Алғысын табыстады. Айта кетейік, жыл сайын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы күн қарсаңында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындау үшін «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. Биыл байқау нәтижесінде «Үздік еңбек әулеті» номинациясын Асқар Қабдулдың Атшыбаевтар әулеті жеңіп алды. Бұл әулетте 10 адам мұнай-газ саласында еңбек етеді, барлығының жиынтық еңбек өтілі 304 жылды құрайды. Есімдері еліміздің «Алтын картасына» және Атырау облысындағы мұнайшылар әулеттердің Құрмет тақтасына енгізілген.
Сондай-ақ, қоғам басшысы Салықтық есеп бөлімінің бастығы Жанат Бодыкова мен Ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеу бөлімінің бастығы Марат Сыдыковқа Қызылорда облысының әкімі Н.М. Нәлібаевтың Алғысын табыс етті.
Салтанатты шарадан кейін кәсіпорын ұжымы сенбілік ұйымдастырып, жалпыхалықтық акцияға белсене атсалысты.

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ТИМБИЛДИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

1 шілде 2023 ж.

Аймақтағы ірі мұнай-газ кәсіпорындарының бірі «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамы ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына үнемі көңіл бөліп келеді. Компания басшылығына Дәурен Әбілқайыров келгелі көптеген игілікті іс-шаралар ұйымдастырылып, тағылымды шаралардың ұйытқысы болуда.
Соның бірі – Компанияда тарихында бұрын-соңды болмаған корпоративтік оқыту (тимбилдинг) шарасы.
Алғаш рет ұйымдастырылған шараға Мұнай және газ өндіру цехының 189 жұмысшысына Шымкент қаласындағы «Alma-Tau» және «Тау Самалы» курорттарының аумағында және 56 әкімшілік кеңсе қызметкеріне жұмыс процестерін оңтайландыру бойынша корпоративтік оқыту өткізілді.
Аталған оқыту қорытындысы бойынша Компания қызметінің барлық салаларын жақсарту бойынша ұтымды ұсыныс жасағаны үшін қызметкерлерді көтермелеу мүмкіндігімен «Ми шабуылы» жобасы әзірленді.

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАБИҒИ АПАТ КЕЗІНДЕ ЖӘРДЕМДЕСКЕН КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫН МАРАПАТТАДЫ

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты кездесу барысында Сыр жұртшылығын және қатысушыларды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы мемлекетіміздің стратегиялық мақсаты қоғамдағы бірлік пен татулық екеніне тоқталды.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сесиясында «Тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Апат аймағында тұратын адамдар барша отандасымыздың шынайы жанашырлығын сезінді» деп атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд. теңгеден астам қаржы бөліп, жағдайды қалпына келтіруге қолдау көрсетуде. Мемлекет басшысының бастамасына Сыр жұртшылығы да қолдау білдіріп, су тасқыны болған аймақтарға көмек қолын созды. Республикалық қайырымдылық акциясына облыстың барлық мемлекеттік мекемелерімен қатар, ірі кәсіпорындар мен компаниялар, меценаттар, партия және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, волонтерлер айрықша үлес қосты. Қызылорда облысынан еліміздің Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарына 738 адам, 216 арнайы техника жіберіліп, көмек көрсетілуде. Осы ретте, табиғи апат болған өңірлерге жәрдем жасаған барша сырбойылықтарға, халық қалаулыларына, кәсіпкерлерге, төтенше жағдай қызметкерлері мен ерікті жастарға алғысымызды, ерекше ризашылығымызды білдіреміз! – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиында Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Шакизада Әбдікәрімов, облыстық неміс қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Ирина Шек, «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры Дәурен Әбілқайыров, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы, волонтер Әсет Баймұрза сөз сөйлеп, жерлестерін бірлік пен ынтымақтың арқасында жасампаз жұмыстарды жалғастыра беруге шақырды.
– Қазіргі күні еліміз табиғи апат салдарын жұмыла көтеріп, еңсеруде. Елдегі күрделі жағдайға байланысты Президентіміз арнайы үндеу жолдап, «Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді» деген болатын. Мемлекет басшысы халқымыз үшін басты құндылықтардың бірі бірлік пен өзара көмек екенін үнемі айтып, ауызбіршіліктің арқасында ең қиын кезеңдерді еңсергенімізді бірнеше рет атап өтті. ХХ ғасырдың аласапыран тарихы табыстырған біртұтас Қазақстан халқы бүгінде азаматтықтың жоғары үлгісін көрсетіп, өзара көмек қолын созуда. Бұл сәтте көршілес, бауырлас елдер де елімізде орын алған оқиғаға бей-жай қарамай, гуманитарлық қолдауларын жеткізіп жатыр.
Дана халқымыз «Апат айтып келмейді» дейді. Мұндайда ел болып бірігіп, қиындықты еңсеруден асқан бақыт жоқ. Өзіңіз басқарып отырған Сыр өңірінің азаматтары да Сіздің қолдауыңызбен Жайық пен Арқадағы елге көмек қолын созудан қалыс қалған жоқ. «Саусақ бірікпей – ине ілікпейді» демекші, Сыр өңірі мұнайшылары да еліміздің халқымен бірге екенін көрсетуде. Жаңа Өзіңіз атап өткендей, 15-ке жуық ұлт өкілі татулықта еңбек ететін «Торғай-Петролеум» мұнай компаниясы 50 млн теңгеден аса көлемінде және Қызылорда облысының халқымен бірге су апатынан зардап шеккен өңірлерге, атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Құлсары қаласына 10 үлкен жүк көлігімен гуманитарлық көмек берді. Бұдан бөлек, табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерде – Құлсары, Атырау, Ақтөбе қаласында тұратын Компания жұмысшыларын жалақысын сақтай отырып, өздерінің тұрғылықты қалаларына ерікті ретінде көмек көрсетуге жіберу туралы шешім қабылданды. Мұқтаж жандарға көмектесу – әрбір әлеуметтік жауапкершілігі басым компанияның басты ұстанымы және елдік парызы деп білемін.
Еліміз соңғы жылдары аса күрделі сынақтардың тағы бір тарихи кезеңін бастан өткеруде. «Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар» дегендей, бірлік пен ынтымақтың арқасында бұл қиындықтың бәрін жеңетінімізге, шынығып, ширап, бұрынғыдан да мықты болып шығатынымызға сенемін. Дана халқымыз: «Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар» демекші, осы ретте, ірі мұнай компаниясының өкілі ретінде барлық әріптестерімді, бизнес саласының өкілдерін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» мемлекетімізге, халқымызға қолдау көрсетуге шақырамын. Ырыстың ынтымаққа бастайтыны, бірлігі жоқтың тірлігі жоқ екендігі сан ғасырдан белгілі. Сондай-ақ, «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас», дейді ата-бабамыз. Олай болса, сын сағатында сыр бермей, бауырлас облыстарға көмек қолын соза білген Сыр халқының ынтымақ-бірлігі арта берсін! – деді Компания Бас директоры, техника ғылымдарының кандидаты Дәурен Әбілқайыров.
Жиын соңында аймақ басшысы Н. Нәлібаев сын сағаттарда бірліктің үлгісін көрсеткен кәсіпорын басшысы Дәурен Әбілқайыровты Алғыс хатпен марапаттады.

ҚАСИЕТТІ АЙДА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

5 сәуір 2023 ж.

30 жылға жуық тарихы бар «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының тарихында тұңғыш рет қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен жандарға арналып ауызашар дастарқаны жайылды.
Оған ұжым қызметкерлерінен бөлек, олардың отбасы мүшелері мен мекеме ардагерлері шақырылып, барлығы бір дастарқанда бас қосты.
– Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Рамазан айы – күллі мұсылман қауымы үшін ерекше мезет. Бұл айдың рухани тұрғыда дамуымыз үшін де пайдасы зор. Себебі, Рамазан кешірімді болуға, қайырымдылық пен игі істер жасауға үндейді. Биыл Компания атынан тұңғыш рет ауызашар дастарқаны жайылып отыр. Бұл бастама жыл сайын жалғасын тауып, дәстүрге айналатын болады. Осы айда жасаған дұға-тілектеріңіз бен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! – деді шараны ашқан Компанияның Бас директоры Дәурен Әбілқайыров.
Ауызашар дастарқанында Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев уағыз айтып, қасиетті Рамазан айының тағылымы мен ғибратына тоқталды.
– Қасиетті Рамазан айы халқымызды татулыққа шақыратынын бірлік айы. Айналамызға қайырымдылық танытып, жақсылық жасау Хақ дініміздің ең басты құндылығы. Сондықтан барша кәсіпорын қызметкерлерін ізгілікке, жақсылық жасап жарысуға шақырамын. Айлардың сұлтаны – Ораза айындағы ұстаған оразаларыңыз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын! – деді Дастан Жанасұлы.
Ерекше атап өтерлігі – шараға Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының бас имамдары да қатысты.
Ауызашар соңында мереке ардагерлері бата беріп, елдің амандығы, береке-бірлігі үшін дұға жасалды.

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 50 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІН ЖІБЕРДІ

Еліміздегі күрделі жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Үндеу жолдап, «Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді» деген болатын. Осыған орай аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуді ұйымдастыруды тапсырды. Қызылордалықтар су тасқыны болған аймақтарға жәрдемдесуге жаппай жұмылуда. Қала және аудан әкімдіктері ұйымдастырған «Күшіміз – бірлікте» акциясына облыстың жанашыр азаматтары мен волонтерлер өз үлесін қосты.
Бүгін аймақтағы ірі мұнай компанияларының бірі – «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамы Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына 50 млн теңгенің 120 тонна қайырымдылық көмегін жіберді.
Жиырма тонналық 10 жүк көлігі азық-түлік, газ плиталары, қайықтар мен құрал-саймандар, төсек жабдықтары, ыдыс аяқ, гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмек тиеп жолға шықты.
Облыстық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов, «Торғай Петролеум» АҚ бас директоры Дәурен Әбілқайыров ізгілік керуеніне сәт сапар, су басқан аймақтардағы ағайындарға Сыр жұртшылығы атынан ізгі тілегін білдірді.
Айта кетейік, гуманитралық көмекті 5 облысқа акционерлік қоғамның қызметкерлері өздері бастап барады.

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДА ЖАҢА ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ БЕКІТІЛДІ

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамында ұжымдағы ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет жақсартылған шарттармен Ұжымдық шартқа қол қойылды.
Аталған ұжымдық шарттың басты артықшылығы – онда әлеуметтік төлемдердің мөлшері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланыстырылды. Атап айтқанда, Компания жылына бір рет қызметкерлерге төмендегі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді жүзеге асырып келеді:
– некеге тұруына байланысты әлеуметтік жәрдемақы – 45 АЕК;
– баланың дүниеге келуіне немесе бала асырап алуына байланысты әлеуеттік жәрдемақы – 35 АЕК;
– қызметкерді жерлеуге арналған әлеуметтік жәрдемақы – 200 АЕК;
– қызметкердің отбасы мүшесін жерлеуге арналған әлеуметтік жәрдемақы (анасы, әкесі, жұбайы-жары, баласы, қызы) – 50 АЕК;
– Қызметкерге зейнеткерлікке шыққан кезде біржолғы төленетін әлеуметтік жәрдемақы – 100 АЕК;
– Жұмыс беруші растайтын құжаттарды (туу туралы куәлік, мүгедектігі туралы анықтама) ұсынған кезде отбасында бала жасынан мүгедек балалары бар Жұмыскерлерге олардың жасына қарамастан жылына бір рет 100 АЕК мөлшерінде материалдық көмек төлеуді жүргізеді;
– қызметкердің 50 жылдық мерейтойлық туған күні – 100 000 теңге;
– қызметкердің 60 жылдық мерейтойлық туған күні – 120 000 теңге;
– Компания жылына бір рет Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері деп танылған қызметкерлерге 125 000 теңге мөлшерінде материалдық көмек төлейді;
– Қоғам жылына бір рет Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысушы болып табылатын қызметкерлерге және Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға 125 000 теңге мөлшерінде материалдық көмек төлейді.
Бұдан бөлек, Ұжымдық шартқа орай, Компания қызметкерлері жылына 3 рет – Наурыз мейрамы, Мұнайшылар күні және Тәуелсіздік күні мерекесінде бекітілген мқлшерде сыйлықақы алады.
Сондай-ақ, жаңа Ұжымдық шарт бойынша Компанияның жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне төлем алғаш рет тіркелді.

МҰНАЙШЫЛАР КҮНІНДЕГІ САЛТАНАТ

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының Келісімшарттық аумағы – «Құмкөл» кен орнында сала қызметкерлерінің төл мейрамы «Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Жері бай, даласы дарқан, несібесі мол Қызылорданың өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі – мұнай өндіруге тиесілі. Қойнауы қазынаға толы Тұран төрінен мұнай кен орындарының табылуы өлке тірлігін түлетіп, өңірдің өндірістік және экономикалық дамуына дем берді. Нарық көшіндегі даңғыл жолын 1995 жылы бастаған 30 жылға жуық тарихы бар «Торғай-Петролеум» акционерлік қоғамы қыруар жұмыстар атқарып, толағай табыстарға қол жеткізіп келеді.
Салтанатты шарада, ең алдымен, «Торғай-Петролеум» акционерлік қоғамында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, кәсіпорынның дамуына ерекше үлес қосқан, осы салада бірнеше буын шәкірттерді тәрбиелеп шығарған аға буын өкілдері – ардақты ардагерлеріміз марапатталды. Оларға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі табысталып, қазақы салтпен шапан жабылды. Олардың қатарында Әлібек Сабырбаев, Иманбек Иманқұлов, Балғабай Отаров, Марат Өтегенов, Ысмайыл Нұрқұлов бар.
Әлібек Сабырбаев кәсіпорында 13 жыл еңбек еткен, осы жылдары Компанияда оның жетекшілігемен мұнайды дайындау және қайта айдау учаскесі, блоктық-топтық сорғы станциялары және т.б. көптеген ірі өндірістік нысандары салынды және қолданысқа тапсырылды.
Ал Иманбек Жетпісбайұлы болса, кәсіпорында 29 жыл еңбек еткен, Мұнай және газ өндіру цехындағы арнаулы және ауыр техникалардың жүргізушісі болған қарапайым жұмысшы. Осынау 29 жылдың ішінде тек жүргізуші ғана емес, автомеханик ретінде де қосымша лауазымды алып жүріп, мұнай және газ өндіру жұмысына қажетті арнаулы техникалардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз еткен кәсіби маман.
Балғабай Отаров – кәсіпорында 29 жыл еңбек еткен, еңбек жолын қарапайым жүргізушіден бастап автомеханик, автокөлік және арнаулы техника бөлімінің бастығы лауазымына дейін сатылап өскен кәсіби маман. Ол кәсіпорында еңбек еткен жылдары мұнай және газ өндіру жұмысына қажетті арнаулы техникалардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ете білген, акционерлік қоғамның дамуына өз қолтаңбасын қалдырған майталман қызметкер.
Сондай-ақ, Марат Өтегенов кәсіпорында 25 жыл еңбек еткен, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің жұмысына айрықша еңбегі сіңген, осы бөлімнің үздіксіз жұмыс жасауына жылдар бойы тер төккен майталман маман. Компанияның еңбекті қорғау саласындағы тұжырымдамасы мен саясатын жүзеге асыруда өз қолтаңбасын қалдырған білікті қызметкер.
Ысмайыл Жұмабайұлы болса, кәсіпорында 25 жыл еңбек еткен, мұнай және газ өндіру қазандық қондырғысының операторы болған қарапайым жұмысшы. Компанияда еңбек еткен жылдары қазандық қондырғысының үздіксіз және ақаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз еткен білікті маман.
Биыл Қазақстан мұнайының 125 жылдығы тойлануда. 1899 жылы Жылыой ауданының аумағында орналасқан Қарашүңгілдегі №7 ұңғыманың 42 метр тереңдігінен мұнай бұрқағы атқылап, содан бері қазақтың кең жазиралы даласындағы табиғи байлықты өндіру әсте тоқтаған емес. Осы ретте, бір топ қызметкерлер «Қазақстан мұнайына – 125 жыл» мерекелік медалімен мадақталды. Аталған медаль Бас директордың бірінші орынбасары Чжан Ифэй мырзаға, Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Талғат Базарбаев, Ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеу бөлімінің бастығы Марат Сыдықов, Мұнай және газ өндіру цехының бастығы Ақылбек Отызбаев, Орталық инженерлік-технологиялық қызметтің бастығы Оралбек Орқараев, Салықтық есеп бөлімінің бастығы Гүлмира Егізбаева, Тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және тауарлық-материалдық құндылықтарды өткізуді ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ғалымбек Нұрманов, Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының 2 санатты механигі Ескендір Қалымбетов және Жеке құрамды басқару бөлімінің референті Нұрсұлтан Мықтыбаевқа табысталды.
Ал Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен Геология және әзірлеу бөлімінің І санатты инженер-геологы Салтанат Батырбекова, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен 1 санатты инженер-технолог Сабыр Жұмахметов, Мұнай және газ өндіру цехының шебері Болат Омаров, мұнай-газ саласындағы кәсіби жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Сәтқалиев Алмасадам Майданұлының Құрмет Грамотасымен 2 санатты инженер-бағдарламашы Гүлнар Жүнісова, Кадр жөніндегі инспектор Гүлбада Аманова, Мұнайды даярлау және айдау учаскесінің бастығы Рашид Бакуов, Мұнай және газ өндіру учаскесінің операторы Сапаралы Сапаров марапатталды.
Ал Энергетика министрі Сәтқалиев Алмасадам Майданұлының Алғысы Ұңғымалардың механикаландырылған қоры бойынша 1 санатты инженер-технологы Бағдат Жүнісов, бухгалтер Айгүл Құлпейісова, Жабдықтарды есепке алу жөніндегі инженер Ердана Бошаев және 6 разрядтағы мұнай-газ өндіру жөніндегі операторы Шоқан Қаламбаевқа тапсырылды.
Сыр өңірінің мұнай-газ саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының Алғысымен Күрделі құрылыс бөлімінің 1 санатты инженері Талғат Дәрменбаев, Мұнайды дайындау және айдау учаскесінің бастығы Жарасбек Сапаров, Мұнай және газ өндіру цехының 1 санатты инженер-технологы Абдулла Шапшаңов, Жеке құрамды басқару бөлімінің 2 санатты маманы Нина Вержбицкая, Жоспарлау және талдау бойынша жетекші маман Сәкен Байдулла және Мұнай және газ өндіру цехының 2 санатты инженер-технологы Нұрдәулет Әлиев марапатталды.
Сондай-ақ, бірқатар жұмысшыларға еңбектегі жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі және Компанияның дамуына қосқан үлесі үшін «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының Бас директоры Әбілқайыров Дәурен Тұрғанбайұлының Құрмет Грамотасы тапсырылды.
Салтанатты шарада «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамымен ұзақ жылдар бойы байланыс орнатып, бірге жұмыс жасап келе жатқан мердігер мекемелер де Акционерлік қоғам басшылығының назарынан тыс қалмады. Мәселен, «Бүркіт» Күзет бюросы ЖШС, «Востокнефтегаз – 2050» ЖШС, «СПМК» ЖШС, «Petroleum Technology» ЖШС, «Оңтүстік мұнай сервис» ЖШС, «НефтьТехСервис» ЖШС, «Бастау – S» ЖШС, «Авиценна» ЖШС, «Тұлпар и Компания» ЖШС секілді мердігер мекемелердің жұмысшылары марапат биігінен көрінді.
Мерекелік шарада Қызылорда облысының танымал өнерпаздары өнер көрсетіп, ән мен биден шашу шашты.
Ерекше атап өтерлігі – дәл сол күні «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының бас директоры, техника ғылымдарының кандидаты Әбілқайыров Дәурен Тұрғанбайұлына Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіндегі салтанатты шарада еліміздің мұнай-газ саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсіби қызметте жеткен жоғары нәтижелері үшін арнайы марапат тапсырылды.