Компания тарихы

 
Компания 1995 жылғы 22 тамызда «Құмкөл-Лукойл» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы ретінде құрылды.
Қызмет түрі: АҚ қызметінің негізгі түрлері: мұнай кен орнын жете барлау, әзірлеу және пайдалану, шикізат пен қайта өңдеу өнімдерін тасымалдау және өткізу болып табылады.
Қорлары: Құмкөл кен орнының жалпы аумағында алынатын мұнай қорлары 89,4 миллион тоннаны құрайды. АҚ игеріп жатқан Құмкөл кен орны аумағынан алынатын мұнай қоры 50,9 миллион тоннаны құрайды; газ — 4,9 млрд. м3.