АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҰЖЫМЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының ұжымы 4 маусым – мемлекеттік Рәміздер күніне орай орай ұйымдастырылған жалпыұлттық акцияға белсене қатысып, ұжым болып мемлекеттік Әнұранды бірге шырқады.

– Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Алғашқы жылдардағыдай емес, қазіргі кезде еліміздің Әнұраны мәтінін білмейтін жан кемде-кем. Бүгін «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының ұжымы елімізде ұйымдастырылған жалпыұлттық акцияға белсене қатысты. Бұл тұрғыда біздің азаматтық көзқарасымыз айқын. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды, – деді Компанияның Бас директоры Дәурен Тұрғанбайұлы.

Айта кетейік, жалпыұлттық акцияға кеңсе қызметкерлерінен бөлек, «Құмкөл» кен орнындағы жұмысшылар да қатысты.