Сыр елінде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойлануда. Қызылорда қаласы мен аймақтың әр аудан-ауылдарында киіз үйлер тігіліп, тұрғындар үшін мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Қазақ халқы үшін жыл басы саналатын бұл мейрамнан «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының ұжымы да қалыс қалған жоқ.
Компания Қызылорда қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда ақшаңқан киіз үйін тігіп, 21 наурыз күні кешкілік қала тұрғындары мен кәсіпорын ұжымына ауызашар дастарқанын жайды.
Ал келесі күні қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағамдардан дәм ұсынып, мерекелік концерт ұйымдастырды.
– Биылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматы Наурызнама тұжырымдамасы қабылданды.